Accessibility links

Еуропада футбол алаяқтығы әшкереленді


Еуропол басшысы Роб Уэйнрайт (ортада) Гаагада өткен баспасөз конференциясында. Нидерланд, 4 ақпан 2013 жыл.
Еуропол басшысы Роб Уэйнрайт (ортада) Гаагада өткен баспасөз конференциясында. Нидерланд, 4 ақпан 2013 жыл.
Еуропада жүргізілген халықаралық тексерулер барысында 380 футбол матчының келісіммен ойналғаны анықталды. Бұл туралы Гаагада өткен жиында Europol (Еуропа Одағының полиция қызметі) басшысы Роб Уэйнрайт мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, тергеушілер құрлықтың 15 мемлекетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 425 адамды (шенеунік, футболшы мен қылмыстық топ өкілдері) анықтаған.

Келісіммен ойналған матчтардан түскен табыс пен берілген пара көлемі 10 миллион еуроны құраған. Оның сегіз миллионы алдын ала келісілген матчтарға тігілсе, екі миллионы футболшылар мен ойындарға қатысы бар басқа да адамдарға төленген. Уэйнрайт мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын айтады.

Келісіммен ойналған ойындар арасында әлемдік және еуропалық футбол біріншіліктерінің матчтары, Чемпиондар лигасының екі матчы бар. Тергеушілер бұған қоса алаяқтық әрекеттерге Азиядағы қылмыстық топтар өкілдерінің де қатысы барын айтады.
XS
SM
MD
LG