Accessibility links

Сауд Арабиялық электрондық Құран сұранысқа ие


Құран оқып отырған мұсылман қыздар. Көрнекі сурет
Құран оқып отырған мұсылман қыздар. Көрнекі сурет

Үндістанның Deccan Herald басылымы сандық форматқа көшірілген электрондық Құран түрлерінің мұсылман қауымы арасында жылдам тарап жатқаны жайлы мақала басты.

«Электрондық ақпарат төңкерісі Исламның қасиетті кітаптарының тұтынушыларға жылдам жетуіне ықпал етіп жатыр. Үндістан, Оңтүстік Азия және тағы басқа әлем мұсымандары сандық сападағы Құранды интернет арқылы қолдануға бейімделіп барады» деп жазады үндістандық «Декан Геральд» басылым ақпанның 5-і күні.

«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАҢА ДӘСТҮР ПАЙДА БОЛДЫ»

Басылымның дерегінше Мединадағы Құранды аударып, басып шығарумен айналысатын King Fahd Complex for the Printing of the Holy Qura'n орталығы Құран аудармасының сандық сапаға көшірілген, әрі дауыстап та оқылатын нұсқаларын урду және ағылшын тілдерінде шығарған. Қазір Құранның электрондық түрлерін Үндістан мен Оңтүстік Азия мұсылмандары көптеп тұтынуға көшті.

Нью-Дели қаласында өтіп жатқан жеті күндік кітап жәрмеңкесінде (ақпанның 4-і күні басталған) Сауд Арабиясының жоғарғы білім министрлігінің өкілдері балаларға арналған компьютердегі Құран аудармасының сандық нұсқасын жүктеп беретін жаңа бағдарлама түрлерін жарнамалады.
Үндістанның Ахмадабад қаласындағы мешітте намаз оқушылар. 6 қыркүйек 2010 жыл
Үндістанның Ахмадабад қаласындағы мешітте намаз оқушылар. 6 қыркүйек 2010 жыл

«Бұл жас Ислам әлеміндегі ақырын өзгерістің нашаны ғана» дейді Фахд Құран басып шығару орталығының баспасөз хатшысы.

Басылым Құран оқу дәстүрінің тарихы жайлы да мәлімет берген. Мұсылмандар әдетте Құран оқығанда кілемге отырып, кітапты арнайы жасалған күрсінің үстіне қояды. Күрсі құралы кітапты парақтағанда мыжылып, қыртыстанып қалудан жақсы сақтайды. Құран қасиетті кітап болғандықтан мұсылмандар оның мұқабасын сәндеп, әріптерін оюлап, барынша сапалы етіп шығаруға тырысатынын сипаттайды басылым.

Мақала авторының зерттеуінше, Құран қазір интернетте урду, хауса, индонезия, испан, француз және ағылшын сияқты кем дегенде алты тілде жиі оқылады. Құран аудармасын интернеттен көшіргенде оның араб тілінде дауыстап оқылған түпнұсқасы бірге беріледі. Африканың ислам дінін ұстанатын Оромо халқының көпшілігі араб тілін білмегендіктен оларға Құранның оромо тіліндегі аудармасын радио арқылы таратып жатыр.

«ҚАРСЫ ПРОПАГАНДА ТУДЫРҒАН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ»

Fahd Құран аударма орталығындағы оқу бөлімінің басшысы «Біздің орталық Құранды басқа тілдерге аудару үшін әр түрлі елдерден аудармашылар жалдады. Мәтіндер бірнеше рет мұқият тексеріледі. Біз алты тілге аударылған Құран мәтіндерін арабша аудиосымен бірге веб-сайтымызға орналастырдық. Оны көшіріп алу тегін. Құранның электрондық нұсқасы Ислам кітаптарына қолы жете бермейтін елдерде тұратын жасөспірімдер мен ересек Құран оқушылар арасында өте танымал. Мәнерлеп оқылатын Құран мәтіндері хат танымайтын, не болмаса көзі нашар адамдарға арналған» дейді.

Орталық өкілінің айтуынша, олар электрондық аудармалар арқылы Үндістандағы Ислам дінін ұстанбайтындар арасында да Құран оқушылар санын өсіруді көздеген. Құранның сандық форматын смартфон арқылы да қолдана беруге болады.
Мумбайдағы террористік шабуылды айыптап, құрбандарға дұға етіп тұрған үндістандық мұсылмандар. Ахмадабад, 14 шілде 2011 жыл
Мумбайдағы террористік шабуылды айыптап, құрбандарға дұға етіп тұрған үндістандық мұсылмандар. Ахмадабад, 14 шілде 2011 жыл

«Джамия Миллия Исламия» университетінің бұрынғы профессоры және жазушы Зубаир Ахмед Фарух интернеттегі электрондық Құранның тез таралып жатқанын айта келіп: «Компьютер Құранның қоғамға таралуын айтарлықтай жеңілдетті. Ислам жайлы теріс ақпараттар тараған Үндістан сияқты елдерде дау-дамай өршіген соң Құран мәтіндерін бұрмаламай ыждаһатпен оқып, үйренгісі келетін кез келген адам электрондық Құран мәтіндерін жеңіл жолмен қолға түсіретін болды. Исламды қаралаудың жақсы жағы да бар. Себебі осыдан соң адамдар жаңа сандық сападағы Құран мәтіндерін оқу арқылы дұрыс ілім алып, Исламмен танысқысы келеді. Құранның ағылшын тіліндегі нұсқасы Үндістанда үлкен сұранысқа ие болғанымен оның көшірмесі жетіспейтін» деген.

Fahd өкілінің есептеуінше бүгінге дейін Құран 55 тілге аударылған. Оның 24 нұсқасы Азия елдерінің тілінде, 12 нұсқасы Еуропа тілдерінде, 14 нұсқасы Африка елдерінің тілінде және 1 нұсқасы Еуропадағы сығандарға арнап сыған тіліне аударылған. Осы уақытқа дейін бұл орталықтан Құранның 90 нұсқасының 165 миллион данасы басылып шыққан.

Орталықтың мәлімдеуінше, қазірдің өзінде Құранның үндістандық синдхи және малай тілдеріндегі аудармасы дайын тұр.
XS
SM
MD
LG