Accessibility links

Әзербайжан дін туралы заңын қатайтты


Орталық мешіт жанындағы діни заттар мен әдебиеттер сатылатын жайма сөрелер. Алматы, 14 қазан 2012 ж. Көрнекі сурет.
Орталық мешіт жанындағы діни заттар мен әдебиеттер сатылатын жайма сөрелер. Алматы, 14 қазан 2012 ж. Көрнекі сурет.
Жұма күні Әзербайжан парламенті діни сенім бостандығы туралы заңға бірқатар шектеулер енгізетін заң өзгерістерін қабылдады. Заң шығарушылар бұндай қадам елде діни экстремизмнің таралуына жол бермеу мақсатында жасалып отырғандығын айтады.

Әзербайжан парламентінің спикері Огтай Асадовтың сөзінше, бұл өзгерістер елде діни мазмұндағы аудио және видеожазбаларды, діни әдебиет пен өзге де бұйым-заттардың сатылуын реттеуді көздейді.

Жаңа өзгерістер бойынша ел аумағында сатылатын және экспортқа шығарылатын діни әдебиет пен тауарларда Әзербайжанның діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі комитетінің арнайы маркасы болуы тиіс. Ал діни тауарлар билік органдары берген арнайы рұқсаты бар сауда орындарында ғана сатылатын болады.

Бұдан бір жарым жылдай бұрын дін туралы жаңа заң қабылдаған Қазақстан да былтыр елдегі барлық діни ұйымдарды қайта тіркеуден өткізіп, діни мазмұндағы әдебиет пен тауарларды таратудың арнайы тәртібін енгізген болатын.
XS
SM
MD
LG