Шаңғымен жүгіруден Италияның Валь ди Фьемме қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық шаңғышылар Алексей Полторанин мен Николай Чеботько қола медаль тағынды. Олар бұл жүлдені командалық спринт жарысынан алды.
Командалық спринтте бір елдің атынан екі шаңғышы эстафеталық жарысқа шығады. Бірінші шаңғышы белгіленген қашықтықтың жартысын, ал екінші спортшы қалған қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс.
Әлем чемпионатының алтын медалін ресейлік Алексей Петухов пен Никита Крюков ұтты. Күміс жүлде Швеция шаңғышылары Маркус Хельнер мен Эмиль Ионссонға бұйырды.
Қазақстан 1995 жылдан бері шаңғы спортынан әлем чемпионатында медаль алмаған еді. Сол жылы қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов Тандей Вэй (Канада) қаласында өткен әлем чемпионатында үш алтын, бір қола жүлде иеленген еді. Араға 18 жыл салып, Қазақстан шаңғышылары тағы да әлемдік жарыстың жүлдесін иеленіп отыр.