Accessibility links

Франция мен Ресей президенттері кездесіп жатыр


Франция президенті Франсуа Олланд ресейлік және француз бизнесмендерімен кзедесуінде. Мәскеу, 28 ақпан 2013 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд ресейлік және француз бизнесмендерімен кзедесуінде. Мәскеу, 28 ақпан 2013 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд бүгін Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп жатыр. Кездесу алдында Олланд ресейлік ақпарат құралдарын Путинмен кездесуінда талқыланатын мәселелер жайлы хабардар етті.

Олланд "Эхо Москвы" радиосына Путиннен Ауғанстаннан Франция әскері мен әскери техникаларын шығаруда көмек сұрайтынын білдірді. "Голос России" радиосына сұхбатында Путинді Францияның Сириядағы топтарға қару-жарақ жеткізуге қойылған эмбаргоны бұзбайтынына сендірмек екенін айтты.

Олланд кездесуде Сирия дағдарысын реттеу жолдары табылатынынан үмітті екенін де жасырмады.

Кремль таратқан ақпаратта күн тәртібінде Еуропа Одағы мен Ресей арасындағы ынтымақтастық, заңсыз есірткі айналымымен және терроризммен күрес мәселелері талқыланатыны айтылған.
XS
SM
MD
LG