Forbes журналы 2012 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың кезекті тізімін жариялады. Биыл ол тізімге енгендер саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 1 мың 426 адам болған.
Тізімге енгендердің байлығын қосқанда 5,4 триллион АҚШ доллары болады. Бұл - 2012 жылғы көрсеткіштен 800 миллиард АҚШ доллар артық. Биыл бұл тізімге 42 елден 210 жаңа бай қосылған. 60 адам тізімнен шығып қалған, 8 адам қайтыс болған.
Бұған қоса, әлемде миллиардер әйелдердің саны 104-тен 138-ге дейін көбейген. Мексикалық магнат Карлос Слим биыл да 73 миллиард АҚШ долларымен әлемнің ең бай адамы атанған. Одан кейінгі орында Micrisoft-тің негізін салушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы - 67 миллиард АҚШ доллары.
Баласы ең көп миллиардерлер арасында бірінші орында "Мәскеу несие банкінің" иесі Роман Авдеев тұр. Авдеевтің 23 баласы бар, оның 19-ын асырап алған.
Forbes.kz сайтының жазуынша, Қазақстаннан биыл бұл тізімге бес адам енген. Олар - "Қазақмыс" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким (641 орын, 2,3 миллиард АҚШ доллары), Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы болған Болат Өтемұратов (670 орын, 2,2 миллиард АҚШ доллары), ENRC корпорациясының акционері Алиджан Ибрагимов (704 орын, 2,1 миллиард АҚШ доллары), Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы мен қызы Тимур Құлыбаев (1107 орын, 1,3 миллиард АҚШ доллары) және Динара Құлыбаева (1107 орын, 1,3 миллиард АҚШ доллары).