Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
Алматыдағы сталиндік репрессия орындары
5 наурыз 2013 жыл, 13:39
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
1
Бұрынғы НКВД абақтысының терезесі әлі сақталған. Қазір Төле би көшесінің бойындағы №228 үй.
2
Бұрынғы НКВД абақтысы. Төле би көшесінің бойындағы №228 үй. Мұнда 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды қазақ зиялылары қамауда отырған.
3
Алматы қаласының Төле би көшесіндегі №228 үй. 4 наурыз 2013 жыл.
4
Қазір №228 үй жеке меншікке өтіп, мұнда дүкендер орналасқан, үйдің бөлмелері тұруға жалға беріледі. Ішкі ауласында автотұрақ ашылған.
5
Қазіргі ҰҚК уақытша оқшаулау абақтысы (суретте) орналасқан Наурызбай көшесі №108 үй бұрын НКВД-КГБ ғимараты болатын. Төле би көшесінің бойындағы №228 үй 1934 жылы НКВД түрмесі осы ғимаратқа көшірілгенге дейін абақты қызметін атқарды.
6
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының маңындағы 1937-1946 жыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Дерек бойынша, советтік Қазақстанда репрессияланған 125 мыңға жуық адамның 4 жарым мыңы жатқан ең үлкен қорым.
7
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының маңындағы 1937-1946 жыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдың тақтасы.
8
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай елдімекенінің маңындағы Сталиндік репрессиялар, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш.
9
«Тауқымет пен тағзым» кітабындағы деректер бойынша, 1938 жылдың 25-ші ақпаны мен 10-шы наурызы аралығында атылған 39 қазақ зиялысының сүйегі (Нығметолла Сырғабеков, Темірбек Жүргенов, Сейітқали Меңдешов және т.б) осы ескерткіш маңындағы сайға көмілген.
Алматыдағы сталиндік репрессия орындары
Recommended
"Хайп қуу". Сенат спикері Ақтауда құлаған ұшақты атқан болуы мүмкін деген болжамға пікірін айтты
XS
SM
MD
LG