Венесуэла үкіметінің хабарлауынша, Чавестің денесін бальзамдаудың уақыты өтіп кеткен.
Уго Чавес өткен аптада 58 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болған еді. Оның денесі бірнеше күн бойына Каракаста шыны табытқа салынып, көпшілік алдына қойылған. Миллиондаған адам онымен қоштасуға келген.
Үкімет Чавестің денесін мәңгі сақтау үшін коммунистер жетекшісі Владимир Лениннің мәйіті сияқты бальзамдамақ ниетте болған. Бірақ, президенттің міндетін уақытша атқарушы Николас Мадуро телеарнадан Ресей мен Германия мамандары мәйітті бальзамдау бірден басталуы тиіс болғанын, енді кеш дегендерін хабарлады.
Венесуэлада президент сайлауы 14 сәуірде өтпек.