Accessibility links

Ұлыбритания полициясы: Березовский буынып өлген


Ресейлік қуғындағы саясаткер, миллиардер Борис Березовский. Лондон, 31 қазан 2011 жыл.
Ресейлік қуғындағы саясаткер, миллиардер Борис Березовский. Лондон, 31 қазан 2011 жыл.
Ұлыбритания полициясы қуғынға ұшыраған ресейлік олигарх, оппозициялық саясаткер Борис Березовскийдің "буынып өлгенін" хабарлады. Полицияның мәлімдемесіне қарағанда, Березовскийдің денесіне жасалған алғашқы сараптама одан соққы белгілерін таппаған. Ол өзі асылып өлген бе, я басқа біреу буындырған ба - ол жайлы айтылмаған.

Полиция енді Березовскийдің мәйітіне токсикологиялық және басқа да сараптамалар жасамақ.

Ресей президенті Владимир Путинді сынаушылардың бірі, 67 жастағы Борис Березовскийдің өлі денесі 23 наурызда Ұлыбритания астанасы Лондон қаласының маңындағы үйінен табылған еді.
XS
SM
MD
LG