Accessibility links

Кипр банктері 28 наурызға дейін жабылды


Laiki банкіне салған ақшаларын қайтарып алуға кезекте тұрған кипрліктер. Никосия, 21 наурыз 2013 жыл.
Laiki банкіне салған ақшаларын қайтарып алуға кезекте тұрған кипрліктер. Никосия, 21 наурыз 2013 жыл.
Кипрдің орталық банкі елдегі барлық банктер 28 наурыз - бейсенбіге дейін жабылатынын мәлімдеді. Орталық банк мұндай шешім банктер жұмысын жеңілдету үшін жасалып отырғанын айтады. Мұның алдында орталық банк елдегі ең ірі Кипр банкі мен Laiki банкінен өзгелері бүгін ашылатынын хабарлаған.

Дүйсенбіде Брюссельде Кипрді қаржы дағдарысынан құтқару туралы келісім жасалған. Ол келісім бойынша, Кипр Еуропа Одағы құрамында қалып, ұйымнан 10 миллиард еуро көлемінде қаржы алады. Бірақ ол үшін Кипр 5,8 миллиард еуро табуы қажет еді. Бұл мақсатта Кипрдің екі ірі банкінде сомасы 100 мың еуродан асатын салымдардан алынатын салық 40 пайызға көбеймек.

Ресей Кипр үкіметінің Еуропа Одағы қаржы министрлерімен жасаған жаңа жобасын сынады. Мәскеу Кипр банктеріндегі Ресей инвесторларының қаржысына алаңдап отыр.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Кипрдің Еуропа Одағымен жасаған келісімін "ұрлық іс" деп атап, үкіметке келісім-шарттың Ресейге тигізер әсерін анықтауды тапсырды.

Ал Ресей президент Владимир Путин үкіметтен Кипрге беріліп қойған екі жарым миллиард еуроға жуық несиені қайта құрылымдауды сұрады.

Дүйсенбіде шетел инвесторларының Кипрге 10 миллиард еуро көлеміндегі қаржыны алу жоспарын дайындауға берген мерзімі біткен.
XS
SM
MD
LG