Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев сырттай 25 жылға сотталды. Қырғызстан бас прокуратурасы өкілінің хабарлауынша, оған "жер телімдерін заңсыз сатып алды және электр энергиясы компаниясының акцияларын заңсыз иелену келісіміне делдал болды" деген айыптар тағылған.
2010 жылы сәуірдегі төңкерісте Құрманбек Бакиев биліктен кетірілген соң оның ұлы Максим Бакиев Лондонда тұтқындалған еді. Бірақ кейін ол кепілмен босатылған. Ал өткен жылдың қазанында Лондон полициясы Максим Бакиевті АҚШ үкіметінің сұрауы бойынша қайта тұтқындады. ол АҚШ-та "алаяқтық жасамақ болды және осы елде қозғалған қылмыстық іске кедергі келтірмек болды" деген күдікке ілінген. Бірақ ол жолы да кепілмен босап кеткен.
13 мамырда Максим Бакиевті АҚШ-қа тапсыру мәселесі бойынша тыңдау басталуы керек. Қырғызстан Ұлыбританиямен де, АҚШ-пен де қылмыскерді экстрадициялау туралы келісім жасаспаған.