Accessibility links

Сеул: Пхеньян ядролық сынақ жасамауы мүмкін


Солтүстік Корея әскерлері Оңтүстік Корея қорғаныс министрі Ким Кван Джин мен АҚШ сарбазының суретін атып жаттығып жатыр. Сәуір, 2013 жыл.
Солтүстік Корея әскерлері Оңтүстік Корея қорғаныс министрі Ким Кван Джин мен АҚШ сарбазының суретін атып жаттығып жатыр. Сәуір, 2013 жыл.
Оңтүстік Корея билігі өкілдері "Солтүстік Корея төртінші рет ядролық қару сынағалы жатыр деген" болжамын теріске шығарды. Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі дүйсенбіде "Солтүстік Кореяның Пунге-ри ядролық полигонында зымыран ұшыру немесе соған ұқсас сынаққа дайындық жүріп жатқаны байқалады" деп мәлімдеген еді.

Бірақ қорғаныс министрлігі ұзамай полигонда байқалған көріністердің "қатардағы жұмыстар екенін анықтаған".

Корей түбегіндегі жағдай соңғы апталарда шиеленісіп кеткен еді. Оған Солтүстік Кореяның наурызда үшінші рет ядролық жарылыс жасағаны себеп болған. Бұдан соң БҰҰ ол елге қосымша санкциялар салған.

Ал БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бүгін Солтүстік Корея басшылығын "арандату әрекеттерін жасамауға" шақырды.
XS
SM
MD
LG