Орыс православие шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл феминизмді "өте қауіпті құбылыс" деп атады. Шіркеудің ресми сайтында жарияланған Кирилдің мәлімдемесінде феминизмге "әйелдерді отбасы мен балаларына қарау міндетінен өзге қызметтерді атқаруға ынталандыратын құбылыс" деген баға берілген.
Патриархтың айтуынша, "ерлер отбасын асырап, ал әйелдер балалары мен үйіне бас-көз болуы тиіс". "Феминистердің көпшілігі - отбасылық өмірдің құндылығын түсінбейтін, күйеуге шықпай қалған әйелдер" дейді шіркеу басшысы.
Өткен жылы Орыс православие шіркеуі феминистердің Pussy Riot панк-тобына шығарылған сот үкімін қолдаған. Топ мүшелері Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса храмында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін сотталған еді.
Әсіреконсервативті патриарх, Путиннің жақын серігі патриарх Кирилл оппозицияға да қарсы шығып отырады.