Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
8 – 12 сәуір 2013 жыл
12 сәуір 2013 жыл, 13:28
Өткен аптаның сурет баяны
1
Сәуірдің 9-ында бірнеше парламент депутаты Теміртау тұрғындарымен кездесті. Жүзден аса адам қатысқан жиында тұрғындар әйелдер үшін зейнет жасын ұлғайту мәселесі көтеріп, қарсылықтарын білдірді. Көрнекі сурет: «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының металлургтері. Теміртау, 29 маусым 2012 жыл.
2
Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко баспасөз мәслихатында «әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту – әділдік пен гендерлік теңдікті орнату» деп мәлімдеген. Бұған дейін үкімет зейнетақы жүйесі туралы заң жобасын қолдап, құжат парламенттің қарауына жіберілді. Жобада қарастырылған негізгі мәселелердің бірі 2014 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын біртіндеп 58-ден 63-ке дейін өсіру. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл.
3
Қазақстан билігі ұлттық біртұтас зейнетақы қорын құру туралы ұсыныс айтқан соң жекелеген қорларда қысқарту басталды. Жұмыссыз қалғандар кәсіподақ құрып, өздерін қорғауға кірісті. Суретте: Макбал Құсаинова, банк қызметкерлері мен қаржыгерлер кәсіподағының мүшесі. Алматы, 10 сәуір 2013 жыл.
4
Әлі тіркеліп үлгермеген «Банк қызметкерлері мен қаржыгерлердің кәсіподағы» жұмыссыз қалғандарға заңгерлік көмек көрсетіп, оларды жұмыспен қамту мәселесін қарастырмақ. Суретте: Дильнар Инсенова, Қазақстан банк қызметкерлері мен қаржыгерлері кәсіподағының төрағасы. Алматы, 10 сәуір 2013 жыл
5
Оралдық кәсіпкерлердің айтуынша, сәуірдің 10-ында жаңа тағайындалған қала әкімі Алтай Күлгінов жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, жылу тарифтерін 43 пайызға дейін азайтуға уәде берген. Оралда биыл қаңтар айынан есептегіш құралы жоқ кәсіпкерлер жылу үшін 350 пайызға көтерілген тариф бойынша ақы төлеуге міндеттелген еді. Суретте: Әкіммен кездесіп отырған кәсіпкерлер. Орал, 10 сәуір 2013 жыл. (Фото «Уральская неделя» газетінің Facebook парақшасынан алынды).
7
Полицейлер журналист Тоқберген Әбиевтен оны іздеуге жұмсаған шығындарын (100 доллар) өндіру жөнінде талап-арыз берген. Астанадағы «Заң және әділдік» баспасөз клубы мен Abiyev.kz сайтының жетекшісі Тоқберген Әбиев өткен жылдың желтоқсанында «жуырда жемқорлық туралы айғақтар жариялаймын» деп мәлімдеп, іле-шала «жоғалып» кеткен еді. Алайда кейін оның қасақана жасырынғаны анықталды. Суретте: Тоқберген Әбиев баспасөз конференциясын өткізіп отыр. Астана, 4 қаңтар 2012 жыл.
8
Тоқберген Әбиев жоғалып кеткен әріптесі Оралғайша Омаршанова туралы істі анықтайтынын айтып, уәде еткен. Алайда ол 2008 жылдың шілде айында оған «қызметтік ақпаратты сатып алу мақсатында полиция офицеріне пара берді» деген айып тағылып, үш жылға сотталған. Суретте: Тоқберген Әбиев түрмеде үш жыл жазасын өтеген соң бостандыққа шығып, туыстарымен кездесіп тұр. Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, 17 мамыр 2011 жыл.
8 – 12 сәуір 2013 жыл
Recommended
Украина Курск облысындағы ауылға ракетамен соққы жасағаны айтылды
XS
SM
MD
LG