Ресейлік танымал блогер және белсенді Алексей Навальныйға қарсы сот отырысы бір аптаға кейінге қалдырылды. Сот процесі бүгін Киров қаласында басталуы тиіс болған. Бірақ судья Навальныйдың адвокатының дайындыққа қосымша уақыт беру туралы өтінішін қанағаттандырды.
Навальныйға "Киров облысы губернаторының кеңесшісі болып тұрғанында фирманың 510 мың АҚШ доллары қаржысын жымқырды" деген айып тағылған еді. Бұл айып бойынша оған 10 жылға бас еркінен айыру жазасы кесілуі мүмкін.
Президент Владимир Путиннің саясатын сынап, наразылық акцияларын ұйымдастырып жүрген 36 жастағы Навальный өзіне тағылған айыптарды "саяси астары бар" деп, мойындамайды.