Accessibility links

Жер ресурстары агенттігінің экс-басшысы сотталды


Жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы басшысы Өмірзақ Өзбеков 10 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Өзбеков, оның орынбасарлары Нақыпбеков пен Жампейісов және агенттікке бағынышты бірқатар мекемелердің басшылары Қазақстанның Каспий теңізіндегі картасын жасауға бөлінген 906 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған еді.

Астана қаласы ауданаралық қылмыстық істер сотының төрағасы Мейрам Жанғұттиновтың айтуынша, Өзбеков "қызмет өкілетін теріс пайдаланды", "өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденді", "қылмыс істеу мақсатында ұйымдасқан топты құрды және басқарды" деп айыпталған. Үкім бойынша ол жазасын қатаң мерзімдегі түзеу колониясында өтейді. Бұған қоса дүние-мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін лауазымды қызмет атқару құқынан айырылады.

Өмірзақ Өзбековті сот залында тұтқындап әкетті.
XS
SM
MD
LG