Қазақстан әуе қорғанысы күштері қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Асқар Бульдешев тұтқындалды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі. Орынбасарының ұсталғанын бүгін Астанада өткен брифингте әуе қорғанысы күштерінің бастығы, генерал Александр Сорокин растаған.
"Оны тұтқындады, қазір тергеу жүріп жатыр. Не себепті ұсталғанын білмеймін" деген Сорокин.
Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары Бульдешевті Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері әскери техниканы жөндеудегі қылмыстық істерге қатысы бар деген күдікпен тұтқындағаны туралы хабарлаған еді.
Қаңтарда ҰҚК қозғаған қылмыстық істің аясында Қазақстан қарулы күштері қару-жарақ бас басқармасының бастығы, генерал-майор Алмас Әсенов те тұтқындалған еді.