Accessibility links

Ақтөбеде 2 азамат "жиһад" пен "қару" үшін сотталды


Айбек Таңатаров, "жиһадқа үгіттеді" деген айыппен сотталушы. Ақтөбе, 2 мамыр 2013 жыл.
Айбек Таңатаров, "жиһадқа үгіттеді" деген айыппен сотталушы. Ақтөбе, 2 мамыр 2013 жыл.
Бүгін Ақтөбе қалалық сотының үкімімен "жиһадқа үгіттегені" және "қару сақтағаны үшін" Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны сотталды.

28 жастағы Айбек Таңатаров қылмыстық кодекстің 233-1 бабының 1-бөлімімен ("өзгелерді жиһадқа шақыру") айыпталып, 5 жылға сотталды. Ал 22 жастағы Елтай Елеуов 251-баптың 2-бөлімі бойынша ("қару сақтау") айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу материалдарына қарағанда, әуелі діни күдікке ілінген азаматтар былтыр желтоқсан айында Ақтөбе облысының аумағында шолақ мылтықпен қолға түскен.

Сотталушылардың туыстары мен Елтай Елеуовтің адвокаты Рахметолла Жоланов сот үкіміне разы емес. Олар "сот процесінде заңды айғақтар жеткіліксіз болғанын" айтып, үкімге апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG