Accessibility links

"Соғыс туралы құжаттардың көбі - құпия архивте"


Тарихшы Гүлжаухар Көкебаева Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция кезінде. 8 мамыр 2013.
Тарихшы Гүлжаухар Көкебаева Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция кезінде. 8 мамыр 2013.

Азаттық радиосы мамырдың 8-і күні екінші дүниежүзілік соғыс кезеңін зерттеуші Гүлжаухар Көкебаевамен онлайн-конференция өткізді.

Гүлжаухар Көкебаева 1985 жылы Мәскеуде СССР ғылым академиясының аспирантурасын бітірді. Совет-герман қатынастары, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тұтқындар тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

2003 жылы Рур университетінде (Германия) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2005-2007 жылдары Германия, Венгрия, Польша архивтерінде Қазақстанға қатысты деректер жинады.

Ол - студенттерге және орта мектеп оқушыларына арналған оқулықтар авторы. 2001 жылдан бері Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде профессор, оқытушы.

Онлайн-конференция қонағы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тұтқынға түскендер жайлы, шетелде өмір сүрген қазақ азаматы Мұстафа Шоқай туралы, Түркістан легионы жөніндегі сауалдарға да жауап берді.

Google Hangout арқылы өткен онлайн-конференцияның толық видеосын көріңіз:

XS
SM
MD
LG