Ұлыбритания қорғаныс министрі Филипп Хэммонд да елдің Еуропа Одағы (ЕО) құрамынан шығуын қолдады. Оның айтуынша, ЕО-дан шықпай тұрып премьер-министр Дэвид Кемерон Ұлыбританияның бірқатар басымдықтарын қайтарып алуы керек.
Дэвид Кемерон бұған дейін егер 2015 жылы өтетін сайлауда өзінің Консервативтік партиясы жеңіске жетсе, елдің Еуроодақтан шығу мәселесін 2017 жылы референдумға шығаруға уәде еткен еді.
Бұған дейін Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын білім министрі Майкл Гоув та қолдаған еді.
Бірақ Консервативтік партия өкілдері референдумның биылғы жылғы басты мәселелер тізіміне кірмей қалғанына өкініш білдіреді.