АҚШ мемлекеттік департаменті 20 мамыр күні 2012 жылғы әлемдегі сенім бостандығының ахуалына қатысты есебін жариялады. Онда Қазақстан билігіне елдегі ар-ұждан және діни сенім бостандығына қатысты сын-ескертпелер айтылған.
200-ге жуық елдегі діни ахуал туралы есепті жария еткен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри: "Елдер діни бостандыққа шабуыл жасағанда өздері нысана еткен адамдарға әділетсіз түрде қоқан-лоқы жасап қана қоймай, өз елдеріндегі тұрақтылыққа да қауіп төндіреді" деп мәлімдеді.
Құжатта: «Қазақстанда үкімет діни ұйымдарға рейдтер мен айыппұлдар арқылы қысым көрсетіп отыр. Үкімет 2011 жылы миссионерлер мен діни топтарды тіркеудің қатаң талаптарын енгізді» деп жазылған. 1463 ұйымның қайта тіркеуден өтпей қалғаны да аталып өткен. Түрлі дәрежеде қысым көргендер қатарында саентологтар мен ахмадия қауымы, бірқатар протестанттық ұйымдар, «Татар-башқұрт діни қауымы», сопылық ағым өкілдері, басқа да діни ұйымдар аталады.
АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттігінің құзыры күшейіп, барлық мұсылман топтарынан ханафи мазхабындағы ҚМДБ құрамына өтуі талап етілгенін де атап өткен.
Есепте дін туралы заңнан бөлек, билік тарапынан діни топтарға жасалатын көптеген қысым тәсілдері көрсетілген. Салық және басқа органдардың тексерістері, ғибадат үйлерін салуға рұқсат, миссионерлерге виза бермеу, діни әдебиеттерді ұзақ уақыт сараптамадан өткізу, ғимаратты мақсатқа сай пайдаланбады деп айыптау сияқты шектеу түрлері көрсетілген.
АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстан үкіметін 2011 жылы қабылданған дін туралы заңды конституциямен және халықаралық нормалармен сәйкестендіруге шақырады.