Accessibility links

Дэвид Кэмерон: Лондондағы шабуыл теракт болуы мүмкін


Полиция Лондонның оңтүстік-шығысындағы Вулвич ауданында шабуыл болған жерді қоршауға алды. Лондон, 22 мамыр 2013 жыл.
Полиция Лондонның оңтүстік-шығысындағы Вулвич ауданында шабуыл болған жерді қоршауға алды. Лондон, 22 мамыр 2013 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның сөзіне қарағанда, сәрсенбіде Лондонда әскерилерге жасалған шабуылдың теракт екенін дәлелдейтін сенімді айғақтар бар. Бұл туралы ол Парижде жүрген кезінде, баспасөз жиынында айтты.

Полиция сәрсенбі - 22 мамырда Лондонның оңтүстік-шығысындағы Вулвич ауданында орналасқан әскери оқу-жаттығу орталығында пышақпен қаруланған екі адамның әскери қызметкерді өлтіріп кеткенін хабарлаған еді. Деректерге қарағанда, полицейлер қарулы екі күдіктіні жаралаған.

Оқиғаға куә болғандар шабуыл жасаушылардың әскери қызметкерді "пышақтап өлтіргенін" айтады. ITV телеарнасы көрсеткен видеороликте күдіктілердің бірі "Сендермен күресті тоқтатпауға Алла алдында ант етеміз" деген.

Дэвид Кэмерон үкіметтің оқиғаға қатысты іс-қимылын үйлестіру үшін Парижде жүрген жерінен Лондонға қайтып кетті.
XS
SM
MD
LG