АҚШ үкіметі пилотсыз басқарылатын ұшақтан шабуыл жасау кезінде төрт АҚШ азаматының мерт болғанын мойындады. Ішкі істер министрі Эрик Холдер АҚШ парламенті - конгреске жолдаған хатында Ақ үйдің 2011 жылы Йеменде америкалық радикалды исламшыл Анвар әл-Авлакиді пилотсыз ұшақты пайдаланып өлтіру шешімін түсіндірген.
Эрик Холдердің айтуына қарағанда, "террорист тіпті америка азаматы болғанның өзінде де оның көзін жоймауға болмайды".
Әділет министрі пилотсыз ұшақтан шабуылдау кезінде америкалық тағы бір азамат - Самир Ханның да қаза тапқанын айтады. Одан өзге Йеменде Авлакидің ұлы Абдулрахман әл-Авлаки, Пәкістанда Джуд Мұхаммед есімді азамат та мерт болған. Ол екеуі де - АҚШ азаматтары. Холдер Анвар әл-Авлакиден өзге үш азаматтың әдейі өлтірілмегенін айтады.
Бұл мәліметтер президент Барак Обама ұлттық қауіпсіздік туралы жасайтын үндеуі қарсаңында жарияланып отыр.