Accessibility links

HRW: Әзербайжанда белсенділерді қудалау күшейді


Human Rights Watch ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Human Rights Watch ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Әзербайжан үкіметін билікті сынайтындарды "есірткі сақтады" деген жалған айыппен қудалап жатыр деп сынады.

Ұйым биыл наурыз айынан бері азаматтық белсенділер - Рашад Рамазанов, Талех Багиров, Дашгын Маликов және Магомед Азизовтың түрлі себеппен тұтқындалғанын айтады. Полиция оларды тұтқындап, тінту жүргізгенде "есірткі тапқандары" туралы хабарлаған.

Бірақ белсенділердің адвокаттары олардың ешқайсысының есірткі қолданбағанын айтады.

Құқық қорғау ұйымының дерегі бойынша, Әзербайжан үкіметі соңғы екі жыл ішінде ондаған белсенді мен журналисті, құқық қорғаушыларды тұтқындаған. Оларға негізінен "есірткі, қару сақтады", "бұзақылық жасады", "қоғамдық тәртіпті бұзды" деген сияқты айыптар тағылған.

HRW Әзербайжанда қазан айында өтетін президент сайлауы жақындаған сайын белсенділерді қудалау күшейіп келе жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG