Accessibility links

ҰҚШҰ елдері қауіпсіздік мәселесін талқылады

Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және Тәжікстан президенттері Алмазбек Атамбаев (солдан оңға қарай), Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Эмомали Рахмон ҰҚШҰ-ның бейресми саммитінде. Бішкек, 28 мамыр 2013 жыл.

Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері (Нұрсұлтан Назарбаев, Алмазбек Атамбаев, Владимир Путин және Эмомали Рахмон) сейсенбіде Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бейресми саммитін өткізді. Саммитте мемлекет басшылары 2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері шығарылғаннан кейін туындауы мүмкін жаңа қауіп-қатерлерді талқылады.

ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа "президенттер келіссөздерден соң Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері шығарылғаннан кейін пайда болуы мүмкін проблемаларды азайту жайын талқылағанын" айтты.

Президенттер бұған қоса Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасын жалғайтын теміржол салу мәселесін де қараған.

ҰҚШҰ ұйымына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Армения мүше. Армения мен Беларусь президенттері саммитке қатысқан жоқ.
XS
SM
MD
LG