Жоғарғы соттың шешімімен жазасы шартты түрге ауыстырылған алты жаңаөзендік маусымның 1-і күні Оралдағы түрмеден босатылды. Олар: Қайрат Еділов, Марат Әминов, Мұрат Қосбармақов, Нұрлан Асқарұлы, Бауыржан Непес және Жарас Бесмағамбетов.
Босатылғандар бірнеше күн бойы өздерін түрме алдында күтіп тұрған қоғамдық белсенділермен де, баспасөз өкілдерімен де жолықпады. Түрме ауласына туыстары алып келген көліктерге жылдам отырып кетіп қалды.
Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару істері жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Төремұратов олардың бұл әрекеттерін туыстарының өтініші деп түсіндірді.
- Заңға сәйкес біз алдын ала ала дайындалып, оларды теміржол вокзалына дейін шығарып салуға көлік те әзірлеген едік. Алайда олардың туыстары көмегімізден бас тартты. Өздерінің жеке машинасын алып келді. Біз олардың мекеме ауласына кіруіне рұқсат еттік. Олар қамаудан босатылған адамдарды салып алды да, кетіп қалды, - деп мәлімдеді Бекболат Төремұратов Азаттық тілшісіне.
Оның айтуынша, жоғарғы сот қаулысының түпнұсқасы оларға тек бүгін жеткен.
Мамырдың 28-і күні жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау коллегиясы Жаңаөзен ісі бойынша түрмеде отырған 6 сотталушының жазасын қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес шартты түрде өтеу жазасына алмастыру туралы шешім қабылдаған еді.
Жаңаөзен ісі бойынша қалған сотталушылардың жазасы өзгеріссіз қалды. Олардың ішінде 6 жылға кесілген Мақсат Досмағамбетов, Нарын Жарылғасынов пен Қанат Жүсіпбаев, 5 жылға кесілген Роза Төлетаева мен Шабдал Өткелов, 4 жылға кесілген Таңатар Қалиев пен Талғат Сақтағанов бар.
2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында қарулы полиция ереуілдеуші мұнайшыларға оқ атып, 16 адам өліп, жүзден астам адам жараланған еді. Осы оқиғаға байланысты 37 адам «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «ұрлау» және «тонау» баптары бойынша айыпталып, 2012 жылғы маусымда сот үкімі шыққан еді. Олардың үшеуі ақталып, бесеуі рақымшылыққа ілініп, қалғандары түрлі жазаға тартылған.