АҚШ президенті Барак Обама Беларуське салынған санкция мерзімін бір жылға ұзартты. Санкция Беларусь президенті Аленксандр Лукашенко мен оның режиміне қарсы бағытталған.
2006 жылы сол кездегі АҚШ президент Джордж Буш алғаш рет Беларусьті "еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына қатер төндіреді" деп жариялаған.
Ақ үйдің мәлімдемесінде 2012 жылы Беларусь үкіметі саяси оппозицияға, азаматтық қоғам мен тәуелсіз ақпарат құралдарына қарсы қуғын-сүргін бастағаны айтылады. Беларусьте өткен жылы 23 қыркүйекте болған сайлаулар халықаралық стандарттарға келмейтіні және билік режимді сынағандарды "өз білгенінше қамап, түрмеге жапқаны" да дәлел ретінде келтіріледі.
"Бұл әрекеттер Беларусь демократия орнату және адам құқықтарын құрметтеуде ешқандай қадамға бармай отырғанын көрсетеді" делінген мәлімдемеде.