Шағын қалалар мен ауыл әкімдерін сайлау заңы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға пәрменді ме? Азаттық азаматтық белсенді, бұрынғы сенатор Зәуреш Батталовамен сұхбаттасқан еді.
«Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң маусым айының соңында күшіне енеді.
Ақорда мен парламент өкілдерінің мәлімдеуінше, өзін-өзі басқару жүйесі туралы заңға жаңадан енген өзгертулер қоғамдық өмірді демократияландыруға игі ықпал етпекші. Ресми сипаттама бойынша заң жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі халықтың рөлін арттырады, тұрғындарды басқару шешімдерін қабылдау процесіне белсенді түрде қатысуға шақырады.
Азаттық радиосына осы заңға байланысты «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова сұхбат берді.
Азаттық радиосы: Шағын қалалар мен ауыл әкімдерін сайлау туралы заңның маңызы қандай?
Сайлану реті
Құзыреті
Зәуреш Батталова: Әкімдерді сайлау мәселесі көптен бері айтылып та, жазылып та келе жатқан мәселе. Түрлі себептермен әлі күнге жүзеге асырмай отырған әкім сайлауын халық күтіп отыр. Бірақ ол сайлау қандай болуы керек? Өз басым президент қол қойған бұл заңды қоғам талқысына түспеген, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілмеген шикі заң деп санаймын. Қазір қолданыста жүрген конституцияны қабылдаған кезде, яғни 1995 жылы алдағы екі жылдың ішінде жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылданатыны айтылған еді. Қоғамда қанша сұраныс болса да, билік оған құлақ аспады. 2009 жылы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға өзгеріс енгізіп, әкімдерді сайлау мәселесі және қозғалған. Ал кеше (маусымның 13-інде – ред.) сол заң тағы толықтырылып, әу баста жүзеге толық аспаған жобасы тағы бір рет жамап-жасқалып бекітілді.
Азаттық радиосы: Сіздің ойыңызша, бұл заңды жаңадан қабылдау керек пе еді?
Зәуреш Батталова: Жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде қабылданған тұжырымдамаға, басқа мемлекеттердің тәжірибелеріне сүйене отырып жаңа заң қабылдау керек болатын. Жаңа заңда мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының айырмашылығы мен өкілеттіктері, сайлау жүйесі ашық жазылып, жергілікті өзін-өзін басқарудың механизмдері нақты көсетілуі керек. Ең бастысы, бұл заңда Қазақстан конституциясында көрсетілгендей, әрбір азаматтың сайлау және сайлану құқығы көрінуі керек еді. Ал мына заң бойынша әкімді халық сайламайды, мәслихат сайлайды. Президентті, парламенті тікелей дауыс беру арқылы сайлай алатын халық әкімді тікелей сайлай алмайды.
Азаттық: Мұндай жағдайда әкім орнына кандидаттардың арасында шынайы саяси бәсекеге болуы мүмкін бе?
Зәуреш Батталова: Бүгінде мәслихаттардың бәрі – «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Сайлауды өткізетін комиссия да толығымен «Нұр Отан» партиясынан құралады. Яғни басқа саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың әкімдерді сайлау ісіне қатысу мүмкіндігі болмаса, одан қандай бәсеке күтеміз?
Оның үстіне әкімдікке кандидаттарды одан жоғары сатыдағы әкімдер ұсынады. Әкімге ұнаған кандидаттың бәрі халыққа ұнайды, ал ондай кандидат халықтың мұң-мұқтажын біледі деуге болмайды. Сондықтан мәслихат арқылы сайланған әкімдер қоғамдағы барлық азаматтардың мүдделерін қорғай алады деп ойламаймын.
Азаттық радиосы: Сіз заңның "теріс жағын" көбірек сипаттадыңыз. Қандай пайдалы жағы бар деп ойлайсыз?
Зәуреш Батталова: Меніңше, бір ғана пайдасы бар. Ол - әкімдерді сайлау қажеттігін және оны кейінге қалдыра беруге болмайтынын биліктің мойындағаны. Бірақ соны мойындай отыра сайлауды өз сценарийімен жүргізгісі келеді. Неге десеңіз, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі толыққанды жүзеге асатын болса, Қазақстанда азаматтық қоғамның деңгейі, сапасы өсе бастайды. Халық биліктен өзіне керек адамды таңдауды, өзін адал басқаратын адамды сайлауды талап етуді үйренеді.
Азаттық: Сұхбатыңызға рақмет.

Өзін-өзі басқару заңындағы әкім
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЗАҢЫНДАҒЫ ӘКІМСайлану реті
- Толықтырылған жаңа заң бойынша сайланатын шағын қала мен ауыл әкімінің кандидатурасын өзінен жоғары тұрған лауазымды билік иесі мәслихатқа ұсынады.
- Мәслихат ұсынылған кандидатураны үш рет бекітпей тастаса, президент ол мәслихатты таратып жіберуге құқылы.
- Сайланған әкімге мәслихат басым көпшілік дауыспен сенімсіздік білдіре алады. Президент сенімсіздік білдіру туралы ұсынысын қабылдамай тастаса, мәслихат алты айдан соң қайыра сенімсіздік таныта алады. Сонда барып президент әкімді қызметінен босатады.
Құзыреті
- Өз ауданы, я ауылдық округіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарап, әкімшілік жазаға тарта алады
- Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жоспарлап, жұмсай алады
- Мәслихат пен жергілікті қоғамдастық жиынының шешімімен санасып отырады
Зәуреш Батталова: Әкімдерді сайлау мәселесі көптен бері айтылып та, жазылып та келе жатқан мәселе. Түрлі себептермен әлі күнге жүзеге асырмай отырған әкім сайлауын халық күтіп отыр. Бірақ ол сайлау қандай болуы керек? Өз басым президент қол қойған бұл заңды қоғам талқысына түспеген, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілмеген шикі заң деп санаймын. Қазір қолданыста жүрген конституцияны қабылдаған кезде, яғни 1995 жылы алдағы екі жылдың ішінде жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылданатыны айтылған еді. Қоғамда қанша сұраныс болса да, билік оған құлақ аспады. 2009 жылы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға өзгеріс енгізіп, әкімдерді сайлау мәселесі және қозғалған. Ал кеше (маусымның 13-інде – ред.) сол заң тағы толықтырылып, әу баста жүзеге толық аспаған жобасы тағы бір рет жамап-жасқалып бекітілді.
Азаттық радиосы: Сіздің ойыңызша, бұл заңды жаңадан қабылдау керек пе еді?
Зәуреш Батталова: Жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде қабылданған тұжырымдамаға, басқа мемлекеттердің тәжірибелеріне сүйене отырып жаңа заң қабылдау керек болатын. Жаңа заңда мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының айырмашылығы мен өкілеттіктері, сайлау жүйесі ашық жазылып, жергілікті өзін-өзін басқарудың механизмдері нақты көсетілуі керек. Ең бастысы, бұл заңда Қазақстан конституциясында көрсетілгендей, әрбір азаматтың сайлау және сайлану құқығы көрінуі керек еді. Ал мына заң бойынша әкімді халық сайламайды, мәслихат сайлайды. Президентті, парламенті тікелей дауыс беру арқылы сайлай алатын халық әкімді тікелей сайлай алмайды.
Бүгінде мәслихаттардың бәрі – «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Басқа саяси партиялар сайлауға қатыспаса, одан қандай бәсеке күтеміз?