Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
10 – 14 маусым, 2013 жыл
15 маусым 2013 жыл, 09:00
Азаттық радиосы
Азаттық маусымның 10-14-і аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
10 маусымда ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы (3-9 маусым аралығында өткен) қорытындысы шықты. Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпаратқа қарағанда, сынақ қорытындысы бойынша 99 мың 565 баланың арасынан жеті талапкер ең жоғары ұпай - 125 балл жинаған. 27 мың 465 (28,75 пайыз) талапкер қажетті 50 балды жинай алмаған. Суретте: ҰБТ тапсырып шыққан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл.
2
10 маусымда Астанадағы Италия елшілігінің алдына осы елдің үкіметіне хат тапсыру үшін жиналған бір топ белсендіге полиция ескерту жасады.
3
11 маусымда Алматыда өз еркінен тыс психиатриялық сараптамадан өткен құқық қорғаушы және журналист Александр Харламов этаппен Риддерге жеткізілді.
4
11 маусымда Қытай ғарышқа екінші рет әйел ғарышкер ұшырды. 33 жастағы қытайлық ғарышкер әйел Ван Япин қытайлық оқушыларға ғарыштан сабақ беріп көрмек.
5
12 маусымда Қазақстан парламенті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескертпелерімен келісіп, «зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын қайта қабылдады. Суретте: "Зейнетақы туралы заң жобасы". (Карикатураның авторы - Ғалым Смағұл).
6
12 маусымда әлемдегі ең кәрі адам деп жарияланған Дзироэмон Кимура 116 жасында Жапонияда дүние салды.
7
12 маусым - халықаралық бала еңбегіне қарсы күресі күні. Суретте: Көшеде көже сатып жүрген оқушы. Алматы, 11 маусым 2013 жыл.
8
Польшада Қазақстанның сұратуы бойынша тұтқындалған оппозиция белсендісі Мұратбек Кетебаев 13 маусымда қамаудан босап шықты. Люблин қаласының округтік прокуроры Агнешка Кемпка Қазақстаннан келген құжаттарда Кетебаеақа саяси айыптар тағылғандықтан оны беруден бас тартқандарын айтты.
9
13 маусымда АҚШ үкіметінің азаматтарға бақылау жасайтын аса құпия бағдарламасы туралы дерек берген бұрынғы тыңшы Эдвард Сноуден Гонконгта қалып, өзін АҚШ-қа экстрадициялауға қарсы амалдар жасамақ.
10
14 маусымда Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған екінші аптаға созылған үкіметке қарсылық шерулерін тоқтату мақсатында Анкарада шерушілермен кездесті. Суретте: Таксим алаңындағы шеру. Анкара, 11 маусым 2013 жыл.
11
14 маусымда Иранда президент сайлауы өтті. Сайлауға алты кандидат қатысты. Олар - Иранның ядролық бағдарламалар бойынша бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани, Тегеран мэрі, консерватор Мохаммад Бакер Халибаф, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жүргізуші Саид Жалили, Аятолла Әли Хаменейдің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, сақшылар корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи, бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази.
Суретте: Дауыс беру кезегінде тұрған адамдар. Иран, 14 маусым 2013 жыл.
10 – 14 маусым, 2013 жыл
XS
SM
MD
LG