Accessibility links

Ердоған: Гезиді шерушілерден тазалау қажет


Полиция Гези паркінен шерушілерді шығарып жатыр. Стамбул, 15 маусым 2013 жыл.
Полиция Гези паркінен шерушілерді шығарып жатыр. Стамбул, 15 маусым 2013 жыл.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған жексенбіде Стамбулдағы Гези паркін үкіметке қарсы шерулетіп тұрған демонстранттардан босатуды "жеке парызым" деп атады. Ол мұны Стамбулда өзін қолдаған жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде айтты. Ердоғанды қолдаған шеруге ондаған мың адам қатысты.

Ердоған үкіметін жақтаған шерумен бір мезгілде Стамбул мен Анкарада да билікке қарсы демонстрациялар өтіп, екі жақ арасында қақтығыстар болды.

Өткен сенбіде Стамбулда полиция Таксим алаңына жақын Гези паркінен шерушілерді қуып тарату үшін күш қолданған еді.

31 мамыр күні Гези паркіндегі құрылысқа қарсы акция болып, полиция оны күшпен таратқан соң бірнеше қалада қарсылық шерулері басталған. Шерулер біртіндеп үкіметке қарсы сипат алып, демонстранттар Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен.

Кеше Түркияның екі кәсіподағы дүйсенбіде үкіметке қарсы жалпыхалықтық ереуілге шығатындарын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG