Accessibility links

Баутино айлағы


Баутинодағы ескі кемлерден секріп суға түсп журген ауыл балалары. Баутино поселкесі, Маңғыстау облысы, 3 мамыр 2013 жыл.
Баутинодағы ескі кемлерден секріп суға түсп журген ауыл балалары. Баутино поселкесі, Маңғыстау облысы, 3 мамыр 2013 жыл.
Баутино айлағы мен поселкесі Ақтаудан 130 шақырым жердегі Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты шағын ауылдардың бірі. Айлақта «Аджип ККО» компаниясының мұнай қалдықтарын жинайтын базасы, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының филиалы, «Тениз Сервис», «Энка Иншаат» және «Каспий сервис Груп» сияқты компаниялар орналасқан.

Баутино порты арқылы мұнай компанияларына қажетті халықаралық жүк жөнелтіледі. Негізгі тасымалданатын жүк - кірпіш, ракушеблок және басқа да құрылыс материалдары. Порт жылына 150 мың тоннаға дейін жүк өткізеді.

Айлақ маңындағы теңіз суы қыста қатып қалуға бейім. Мұз қалыңдығы 20-30 см, кей жылдары 80 см-ге дейін жетеді.

Қазір айлақ аумағында ескі, суға батқан кемелер үйіліп қалған. Айлаққа жақын маңдағы жерлер түрлі компаниялар иелігінде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жазда суға түсіп, демалатын жағажай қарастырылмаған.
XS
SM
MD
LG