Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасы кранға шығып наразылық танытқан астаналық Бағжан Аязбекованың ұлына қатысты сот үкімін күшінде қалдырды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
"Ақша бопсалады және билік өкілдеріне қарсылық көрсетті" деген айыппен әуелі тоғыз жылға сотталып, кейін жеті жылға түрмеге кесілген Азамат Аязбековтің анасы Бағжан Аязбекова және жұбайы Гүлім Бабақова сот үкіміне наразылық танытып, жеті күн бойы (29 мамыр - 4 маусым аралығында) кранның басына отырған. Бұдан соң бас прокуратура Аязбековтің үкіміне қарсылық білдіріп, оның ісін қайта қарауға жіберген.
"Қадағалау алқасы Аязбеков пен қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарға шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдыру және бас прокуратураның қарсылығын қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады" дейді жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов.
Азамат Аязбековтың әйелі мен анасы оның кінәсіз жазаланғанын айтады.
Бағжан Аязбекова мен келіні Гүлім бабақова 2012 жылы қараша айында да Астанадағы жылу электр станциясы мұнарасына шығып, туыстарының ісін қайта қарауды талап еткен.