Accessibility links

Шыңжаңда қақтығыстан 27 адам мерт болды


Шыңжаңда 2009 жылы болған қақтығыс кезіндегі әскер мен тұрғындар. Қытай, 9 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Шыңжаңда 2009 жылы болған қақтығыс кезіндегі әскер мен тұрғындар. Қытай, 9 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында тәртіпсіздіктерден 27 адам мерт болды.

Қытайдың Xinhua ("Синьхуа") агенттігінің хабарлауынша, Шыңжаңның орталығы Үрімжіден 200 километр жердегі Лукун қаласында "пышақпен қаруланған бір топ адам полиция бекетіне, жергілікті үкімет үйіне шабуылдаған, полиция көліктерін өртеген".

"Шабуыл кезінде 17 адам көз жұмды, одан соң полиция оқ атып 10 адам қаза тапты" деп жазады Xinhua. Шабуыл жасағандардың кім екені айтылмаған.

Шыңжаң - Қытайдың Орталық Азия, Ауғанстан және Пәкістанмен шектесетін аймағы. Мұнда тұратын жергілікті ұйғырлар Пекин тарапынан діни және мәдени қысым көретіндерін айтып, наразылық білдіріп тұрады.
XS
SM
MD
LG