Accessibility links

Джохар Царнаевқа ресми түрде айып тағылды


Джохар Царнаев, Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті.
Джохар Царнаев, Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті.
АҚШ-тың алқа соты Бостон марафонындағы жарылыстарға күдікті деп танылған Джохар Царнаевқа ресми түрде тағылған айыптарды жариялады.

Джохар Царнаевқа барлығы 30 айып тағылып отыр. Олардың арасында "қару қолданып, кісі өліміне себепкер болды" деген айып та бар.

2013 жылы 15 сәуірде Бостонда өтіп жатқан марафон мәреге жақындап қалғанда екі жарылыс болған еді. Жарылыстан үш адам қаза тауып, 260 адам жараланған. Оқиғаға күдіктілер ретінде Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерлан Царнаев айтылды. Тамерлан Царнаев оқиғадан соң төрт күннен кейін полициямен атыста оққа ұшты. Джохар Царнаев жараланып қолға түсті.

Тергеу деректері бойынша, жарылыс жасау үшін ағайынды Царнаевтар "ішіне тез бөлшектенетін бытыра салынған бомба" қолданған. Царнаевтарға бұған қоса "полицейді өлтірді" деген айып та тағылған.

Бұл айыптар бойынша Джохар Царнаев өлім жазасына немесе өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG