Египетте президент Мұхаммед Мурсидің отставкаға кетуін талап етіп, жүз мыңдаған адам жексенбіде көшеге шықты. Наразылық шерулері негізінен бейбіт өтті. Бірақ кейбір жерлерде Мурсидің жақтастары мен наразылар арасында қақтығыстар болып, кейбір хабарларға қарағанда бес адам қаза тапты. Жүздеген адам жараланды.
Мурси билікке келген бір жылдан бері елде оның отставкаға кетуін талап еткен мұндай үлкен наразылық шерулері болмаған.
Президенттің қарсыластары оны билікті исламшыл "Мұсылман бауырластығы" қозғалысына беріп қойды және елдің экономикалық проблемаларын шеше алмады деп сынайды.
Мурсидің ресми өкілі Омар Амер "президент өз қатесін мойындағанын және оны жоюға кіріскенін" мәлімдеді. Ресми өкілі Мурсидің қарсыластарын саяси диалогқа шақырғанын тағы қайталады, бірақ ол "президенттің отставкаға кету ойы жоғын" да айтты.