Accessibility links

"Сарыбөктер" заставасы экс-басшысының үкімі өзгермеді


Сарыбөктер шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фомин сот залында. Талдықорған, 27 қараша 2012 жыл.
Сарыбөктер шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фомин сот залында. Талдықорған, 27 қараша 2012 жыл.
Талдықорған қалалық соты Арқанкерген шекара бекетіндегі оқиғадан соң үш жылға сотталған Сарыбөктер шекара заставасының бұрынғы бастығы Алексей Фоминнің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Алексей Фомин мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берген кезінде жаза мерзімінің үштен бірін өтеген еді.

2012 жылы 11 желтоқсанда сот Алексей Фоминді үш жылға соттаған еді. Оған сол жылы 28-30 мамырда "Арқанкерген" шекара бекетімен байланыс үзілгенін Үшарал шекара отрядының басшылығынан жасырды, байланысты қалпына келтіру шараларын жасамады деп айып тағылған еді. Фоминге бұған қоса "атыс қаруын заңсыз иеленді, сақтады және басқа адамға берді", "қызмет бабында жалған құжат жасады", "қызмет бабын асыра пайдаланды", "қызметінде әрекетсіздік танытты" деген бірнеше айып тағылған.

2012 жылы мамырдың 30-ы күні Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекеті толық өртеніп, 14 шекарашы мен 1 қорықшы - барлығы 15 адамның мәйіті табылған еді. Бұл қылмысқа қатысты тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах айыпты деп танылып, ол 2012 жылы желтоқсан айында сот үкімі бойынша өмір бойы түрме жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG