Ресей мен Қытайдың ақпарат құралдары "екі елдің 5 шілдеден 12 шілдеге дейін Тынық мұхиты жағалауында бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын өткізетінін" хабарлады.
3 маусымда Қытайдың Xinhua агенттігі Қытай армиясы бас штабының басшысы, генерал Фан Фэнхуйдің мәлімдемесін берді. Ол "әскери жаттығулардың үшінші елге қарсы жасалмайтынын, тек аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейтінін" айтты.
Ресей әскери теңіз күштерінің өкілі жаттығуға 20 әскери кеме мен 10 ұшақ қатысатынын хабарлады.
Xinhua жаттығуға қатысатын Қытай әскерлерін "Өзге елмен біріккен жаттығуға қатысатын теңіз күштерінің ең ірі контингенті" деп атады.
Ресей мен Қытай әскери теңіз жаттығуларынан соң, 27 шілде мен 15 тамыз аралығында Ресей аумағында терроризмге қарсы біріккен жаттығулар өткізбек.
Былтыр Ресей мен Қытай әскерлерінің 5 күндік біріккен жаттығуы Сары теңізде, сәуір айында өткен еді. Оған екі елден 20-дан астам әскери кеме қатысқан.