Сел ағызып кеткенге дейін Есік көлінің ұзындығы - 1 мың 850 метр, ені - 500 метр, ал тереңдігі 50-79 метр болған. Көл теңіз бетінен шамамен 1 мың 800 метр биікте орналасты. Есік көлі шамамен 8 мың жыл бұрын үлкен тастардың опырылып құлауының нәтижесінде, табиғи түрде түзілген.
Саяхатшы Семенов-Тян-Шанский «Жергілікті қазақтар көлді «Жасылкөл» деп атайды» деп жазады. Оны тіпті Іле Алатауының інжу-маржанына, гранитті жауһарға, қазақстандық Рицаға (Кавказдағы көл – ред.) теңеген.
АПАТҚА ДЕЙІНГІ ТУРБАЗА
Есік көліндегі демалыс инфрақұрылымы 1958 жылдың көктеміндегі Қазақ ССР министрлер кеңесінің «Есік көлінде еңбекшілердің мәдени демалысын қамтамасыз ету туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін, мейлінше қарқынды дамыды. Есік өзенінің шатқалымен сапалы тас жолы төселіп, үлкен автовокзал салынды.
Халық Алматыдан көлдің жағасына дейін автобуспен баратын. Демалыс күндері автобустар колхоздың орталық базары жанындағы бекеттен жарты сағат сайын қатынап тұрды.
Көл жағасына 100 орындық екі қабатты қонақүй, мейрамхана, фотосалон, монша, шаштараз, би алаңдары салынды. Келушілер катермен, қайықпен, өзен трамвайымен серуендейтін. Көл суық болғандықтан, шомылатындар аз еді. Көп адам көл жағасында арагідік (Таңқурай айлағында, көлдің оңтүстік жағасында – ред.) кездесетін құмдауыт жерлерде күнге қыздырынып жататын. Арнайы құтқару отряды қауіпсіздікті қадағалап отыратын.
Жарты ғасыр бұрынғы инфрақұрылымның қалдықтары осы күнге дейін сақталып қалған. Көлге барар жолдағы гидтерге арналған шатыр әлі тұр. Оны «Әуе шатыры» деп атайтын. Автобекет пен оның жанындағы бақылаушы мұнарасы да әлі бар. Жартас сынығына салынған Лениннің үлкен портреті бәз-баяғыша дем алушыларды «қарсы алып тұр».
СЕЛ АРБАҒАН КОСЫГИН
1959 жылдан 1963 жылдың шілдесіне дейін Есік көліне саяхаттау Алматыға жолы түсе қалған Мәскеу мен шетелдік мәртебелі меймандардың сапар бағдарламасына кіретін. 1959 жылы Есік көліне келген Вьетнам лидері Хо Ши Мин өзен трамвайымен серуендеуді ұнатқан дейді. СССР басшылары бірқанша АҚШ губернаторларын да осында әкеп қыдыртқан. Есікте демалуды Совет Одағының басшысы Никита Хрущев те жақсы көрген.
1963 жылы шілденің 7-сі күні Дінмұхамед Қонаевпен бірге Есік көліне сол кездегі СССР министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Алексей Косыгин де келді. Қонаев ол уақытта биліктің қырына ілігіп, Қазақ ССР министрлер кеңесі төрағасы қызметін атқарып отырған.
Бұл сапар туралы Дінмұхамед Қонаев кейін өзінің естелігінде жазды.
«Біз көлге түсте келдік. <…> Косыгинге көлдің табиғаты қатты ұнады. Біз арғы жағаға өтпек болдық. <…> Осы кезде бір сұмдықты көзім шалды. Таудан гүрілдеген қызыл тасқын кеп ақтарылды. Бұл маған әбден таныс cел болатын. Селдің екпіні көлді жайпап өтті. Су лайланып, шымырлай тасыды. Сел туғызған үлкен толқындар көлдегі қайықтарды аударып әкете берді. Тасқын пирске келіп соққанда онда тұрған адамды селдің қалай лақтырып жібергенін көрдім.
- Өзендегі көпір қирамай тұрып, кету керек, - дедім.
Косыгин тапжылмай қатып қалған. Мына сұмдық оны арбап тастағандай. Мен әр секундтың қымбат екенін айтып жатырмын. Оның үстіне қажетті құтқару шараларын ұйымдастыру керек. Көпірден өткеніміз сол еді, сел оны да опырып әкетті».
Он жылдан кейін қазақстандық бір газет «Есік көлі» турбазасының бұрынғы директоры Иван Аушевтің 1963 жылы шілденің 7-сі күні болған жағдай туралы сұхбатын жариялады. Косыгин келердің алдында Алматы партия обкомының хатшысы көлдің оң жағына күзет қоюға және онда қарапайым адамдардың ешқайсысын жібермеуге бұйрық берген. Ол жерге Косыгин келетін болған. Соның кесірінен көп адам көлдің селге ұрынған басқа жақтарына барып демалуға мәжбүр болған. Аушевтің сөзіне қарағанда, «кейбір кісілердің өліміне айыпты» деп оған кінә тақпақшы болған. Бірақ мән-жайды ұғынған соң, оны да «адамдарды құтқарудағы жанқиярлық ерлігі үшін» құрмет грамотасымен марапаттаған.
ЕКІ АПТАЛЫҚ «ТЫНЫШТЫҚ»
Апат Есік көліне демалушылар қаптаған жексенбі күні болған. Дүйсенбіде кеңестік газеттер шықпайтын. Сейсенбіде, 1963 жылы шілденің 9-ы күні көптеген қазақстандық газеттер АҚШ-тағы балалар лагеріне реактивті ұшақ құлап, 7 адамның қаза болғанын жарыса жазып жатты. «Огни Алатау» газеті сол күні Жапониядағы көмір шахтасы опырылып, 2 адам опат болып, 20 адам жараланғанын хабарлады. Бұл қоғамның назарын басқа жаққа аударуға бағытталған советтік насихаттың дағдылы тәсілі болатын.
Адам шығыны болған Есік апаты жайында бірде-бір жергілікті газет жазбады. Шілденің 9-11-і күні шыққан газеттер де үнсіз қалды. Тек шілденің 25-і күні Алматы облыстық «Огни Алатау» газеті сол кездегі Алматы қалалық кеңесінің атқарушы комитеті төрағасы Дүйсеновтің қолы қойылған «Сел апаты деген не?» атты мақала жариялады.
Мақалада Есік көліндегі сел жайында үш-ақ абзац жазылған. Онда да жалпылама ақпарат берілді. Құрбандар мен қираған орындар туралы мүлде сөз жоқ. Негізінен мақалада «Алматылықтарды алаңдататын мәселе ретінде «Қазақстан астанасы тасқыннан қаншалықты қорғалған?» деген мәселе туралы көбірек айтылған. Осындай ақпараттар арқылы қала басшысы тұрғындарды тыныштандыруды ғана ойлаған. Мақалада «Айлақ құрылыстары, посттар, мұздықтар бақылауға алынды, алдын ала ескерту құралдары қойылған, қауіп төне қалған жағдайда халық бір жарым-екі сағат бұрын құлағдар болады, ал көлдегі судың деңгейі әзірге қауіпті емес» деген ақпараттар берілген. Одан бөлек тұрғындарға сел болғанда не істеу қажеттігі жөнінде кеңестер берілген.
АПАТ КЕЗІНДЕГІ ЖАНТАЛАС
Есік көлінің жойылғандығы және апаттың қалай болғаны жайлы егжей-тегжейлі очерктер тек тамыз бен қыркүйек айларында ғана жарияланды. Олардың алғашқысы – тамыздың 21-і күні СССР-дің «Труд» газетіне жарияланды (кейін оны «Огни Алатау» газеті көшіріп басты). Бұған дейін мамандардың селдің жолымен жүрген экспедициясының қорытындысы да шыққан еді. Ол туралы да осы очеркте жазылды. Балшық пен тас аралас селдің жолында бірнеше табиғи бөгеттер болған. Кейбір жерде тасқын кептеліп, тоқтап қалған. Бірақ табиғи бөгеттер көп шыдамай, бұзылып кетіп отырған. Осындай фактілерге қарап, селдің не себепті 12 рет жүргенін түсінуге болады.
Түнгі сағат екіге қарай көлден аққан су тас пен балшық баттасқан қоймалжыңға айналып, Есік қаласына жеткен. 200-дей үй қирап, Есік көлінің орнында шағын көлшік қалды.
Көлді ең қатты шайқаған тасқынның үшінші легі еді. Куәгерлердің айтуынша, көлге қараудың өзі қорқынышты болған. Сол уақытта адамдар отырған катерлер мен баржа әлдебір құдіреттің күшімен аман қалған. Мотористер жағадағы жартастарға соғылмауға тырысқан. Бірақ жағадан қашқанмен, шайқалған көл өте қауіпті еді. Биік толқындар қайықтарды қиратып кетуі мүмкін. Көлден төмен түсетін жолды сел шайып кеткен. Оларды тек тікұшақпен ғана құтқаруға болатын еді. Кейін мотористерді осы ерліктері үшін аты-жөндері жазылған қымбат сағаттармен марапаттады.
Ал адамдарды құтқарған тікұшақ ұшқышын «Қызыл Жұлдыз» орденіне ұсынды. Бірақ қанша адамның аман қалғанын дәл анықтау мүмкін болмады. Бір мақалада жауынгерлердің 2 мыңдай адамды құтқарғаны жайлы дерек бар.
Есік апатын егжей-тегжейлі суреттеген очерктерде апаттан кейінгі фотосуреттер қоса берілген. Геолог Сафонов селден келген шығынды түсіндіру үшін Есік көлі мен оның жағасындағы құрылыстың сызбасын да келтірген. Оның «Ленинская смена» газетіне 1963 жылдың 10 қыркүйегінде жариялаған очеркі «Тасқынның ізімен» деп аталады. Ол бұрынғы көл орнына әріптестерімен бірге жаяу барған.
ҚАЗА ТАПҚАН АДАМ САНЫ БЕЛГІСІЗ
Апатта опат болғандар саны белгісіз. Тілші және өлкетанушы Максим Ивлев «Сол кезде баспасөзде жарияланған ресми деректер бойынша жүз адам қайтыс болды...» деп жазады.
«Есік көлі» турбазасының бұрынғы директоры 10 жылдан кейін бір газетте селден 52 адамның құрбан болғанын айтты. Осы дерек нақты болуы мүмкін. Бірақ ол бұл ақпаратты қайдан алғанын көрсетпеген.
1990 жылдары көл жағасына сел кезінде қайтыс болған марқұмдарға тағзым белгісі орнатылды.
Есік селінің қоймалжың массасы 6 миллион текше метр болған. Бұл - сел апаттарының ішіндегі ең үлкен көрсеткіш. Осыдан кейін кешікпей Қазақ ССР министрлер кеңесі «Гидропроект» институтының қазақ филиалына Медеу шатқалындағы бөгеттің жаңа жобасын әзірлеуді тапсырды. Жаңа жобада бөгет айтарлықтай күшейтілді. 1973 жылы селден қорғайтын жаңа бөгеттер салынды. Ол 1973 жылдың шілдесінде болған қуатты тасқынның екпініне төтеп берді.
1990 жылдардың басына қарай Есік көлін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жаңа жоба бойынша Есік өзенімен артық су ағып кететін плотина салынды. Одан бөлек, 1963 жылы тасқынның көлге құйылған тұсына шлюздері бар бөгеттар салынды. Апаттан кейін Есік көлі бұрынғы арнасына тола алмады.