Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасынан дау шықты


Қазақ-қырғыз жер дауы
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

Қазақ-қырғыз жер дауы. (Азаттықтың Қырғыз қызметі түсірген видео)

Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей, 7 шілдеден бері наразылық танытып тұр.

Наразылар өзеннен тартылған арықты бөгеп, Қазақстанның Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойды.

Олардың талабы - Қазақстандыкі деп танылған, ұзындығы 13 шақырым, аумағы 4,5 мың гектар жерді Қырғызстанға қайтарып алу; 2012 жылғы келісім бойынша бөлінген 2,6 мың гектар жердегі белгілерді алып тастау; екі ел шекарасын өзен арқылы өткізу.

Ауыл тұрғындарымен кездесуге келген қырғыз вице-премьері Токон Мамытов 2001-2008 жылдары екі ел парламенті мақұлдаған келісім қайта қаралмайтынын, өзге талаптарын көрші елмен кеңесу арқылы шешетіндерін айтты.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 1241 шақырымдық шекараны бөлісу келісімі 2009 жылы аяқталып, екі тарап та оны ресми түрде мойындаған.
XS
SM
MD
LG