БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша үш сарапшысы - Франчойс Крепью, Хуан Мендез және Габриэла Кноул (François Crépeau, Juan Méndez, Gabriela Knaul) шілденің 18-і күні Женевада қазақстандық оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың туыстарын депортациялауға қатысты алаңдаушылық білдірді. Депортацияны сарапшылар әдеттен тыс жағдай деп бағалаған. Аталған БҰҰ-ның үш маманы көші-қон, азаптау және соттардың тәуелсіздігі мәселелерімен шұғылданады. 2009 жылы шетелге қашқан Мұхтар Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басты сыншыларының бірі болып саналады.
БҰҰ сарапшылары Италия билігі Алма Шалабаеваның Қазақстанға депортацияланған соң күйеуінің саяси қызметіне байланысты қуғынға ұшырауы, я азапталуы мүмкін екеніне көз жұма қарағанын айтты. Сарапшылар Шалабаеваның Еуропа Одағы аумағында, нақтырақ айтқанда Италияда заңды негізде тұрып жатқанына назар аудартты.
Мәлімдеме авторлары Италия билігінің Шалабаеваны депортациялау әрекетін жарамсыз деп танығанын атап өтті. БҰҰ сарапшылары Италия мен Қазақстан билігін бұл депортацияны кім жүзеге асырғанын анықтап, тексеруге шақырды. Сонымен бірге екі ел үкіметін Алма Шалабаева мен қызы Алуа Әблязованы аман-есен дипломатиялық жолмен Италияға қайтаруға үндеді.
Сарапшылар Италия мен Қазақстанның адам құқықтары бойынша халықаралық келісімдерге сәйкес міндеттемелері бар екенін айтты.
Мамырдың соңында италиялық полицияның арнайы жасағы Рим түбінде тұрып жатқан Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын ұстап, жеке ұшақпен Қазақстанға жөнелткен еді. Алма Шалабаева қазір Аматыда ешқайда шықпау туралы қолхат беріп тұрып жатыр. Қазақстанның бас прокуратурасы оның жалған құжат жасау ісіне қатысы бар-жоғын тексеріп жатқаны туралы хабарлаған болатын.