БҰҰ-ның лауазымды екі маманы Сириядағы жанжал кезінде химиялық қару қолданылған-қолданылмағандығын тексеру үшін Дамаскіге барады.
Сейсенбі күні БҰҰ-ның химиялық қару бойынша тергеу тобының басшысы Аке Сельстром мен ұйымның қарусыздану басқармасының басшысы Ангела Кейн Бейрутқа ұшып шықты. Олардың қашан Сирияға баратыны әзірге нақты хабарланбады. Мамандар Сирия билігінің шақыртуымен жолға шыққан.
Алайда олардың тексеру орнын көруге қатысты жай әлі анықталмаған.
Сирия үкіметі өздері «көтерілісшілер химиялық қару қолданды» деп есептейтін бір жерді ғана көрсетуді көздейді.
БҰҰ өкілдері болса, Сирия билігі шабуылдаған басқа да жерлерді көрсетуді талап еткен.
Сирияда қақтығысқан тараптардың екеуі де «химиялық қару қолданылды» деген мәліметті жоққа шығарумен келеді.