Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Апта бейнелері
27 шілде 2013 жыл, 09:00
Азаттық радиосы
Азаттық 22-27 шілде аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
22 шілде күні Қытайдың солтүстік-батысындағы
Ганьсу провинциясында зілзала
салдарынан 89 адам қаза тауып, бірнеше жүз адам жараланған. Қытай билігінің хабарлауынша, табиғи апаттан 9 мыңнан астам тұрғын жай қираған.
Суретте: Жер сілкінісінен кейін. Ганьсу провинциясы, Қытай, 22 шілде 2013 жыл.
2
Шілденің 22-і күні Лондон уақытымен сағат 16.24-те Ұлыбритания ханзадасы герцог Уильям мен оның жұбайы Кейт Мидлтонның отбасында салмағы 3.8 келі
ұл бала дүниеге келді
. Ханзада отбасындағы тұңғыш сәбиге Джордж Александр Луис деген есім берілді. Ол атасы Чарльз және әкесі Уильямнан кейін Ұлыбритания королінің тағына мұрагер үшінші адам болып саналады.
Суретте: Кембридж герцогы Уильям мен герцогиня Кейт Мидлтон тұңғыштары Джордж Александр Луиспен. 23 шілде 2013 жыл.
3
Қазақстан жол полициясы биылғы жылдың алғашқы жартысында елде тіркелген 8462 жол-көлік оқиғасы салдарынан
1167 адам қаза болып, 10837 адамның жарақат алғаны
туралы ақпарат таратты. Жол полициясы жалпы көрсеткіштің 91%, яғни 7665 жол-көлік оқиғасы көлік жүргізушінің кінәсінен болған деп хабарлады.
4
22 шілдеде, Рим папасы Франциск сапармен келген күні, Бразилияда мыңдаған адам елдегі коррупцияға қарсы
наразылық шеруіне шықты
. Полиция оларды жас ағызатын газ және су шашып таратты.
5
23 шілде күні Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы
шекарада екі ел әскерилері арасында атыс
болып, сол күні бір өзбек шекарашысының қаза тапқаны хабарланды. Жараланған екінші өзбек шекарашысы ауруханада қайтыс болған.
6
23 шілдеде Қазақстан президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Бұған дейін Назарбаевтың демалысқа кеткені туралы ресми ақпарат жарияланған. Дэвид Кэмерон
Қазақстанға шілденің басында келіп кеткен
еді.
7
23 шілдеде Италияның Corriera della Sera газетінде жарияланған мәлімдемесінде Қазақстан үкіметі оппозициялық олигарх, бұрынғы банкир
Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваның Италияға қайтып бара алатынын
айтқан. Тек ресми Астана Италия билігінен сотқа тартылған жағдайда Шалабаеваның Қазақстанға қайтып келуіне кепілдік беруін сұраған.
8
23 шілдеде Болгарияда
билікке қарсы шеруге шыққандар
парламент ғимаратын қоршап алып, оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Наразы топ «Мафия!», «Отставкаға!» деп ұрандап депутаттар мінген автобусты парламент ғимаратына өткізбей қойған. Салдарынан шеруге шыққан жеті адам, полиция жағынан екі адамның зардап шеккені хабарланды.
9
24 шілде күні Қазақстан ұлттық тестілеу орталығы биыл
кешенді тестілеуге
қатысқан 76655 талапкерден 48680 адам, яғни
63,5 пайызы тиісті межеден өте алмағаны
туралы хабарлады.
10
Бір ай бұрын Ресейге Гонконгтан ұшып келген АҚШ қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден тиісті құжаттары жоқ болғандықтан әзірге Мәскеудегі Шереметьево әуежайының транзит аймағынан шыға алмайды. Бұл туралы онымен 24 шілде күні кездескен соң
адвокат Анатолий Кучерена мәлімдеді
(суретте сол жақта).
11
Испанияның солтүстік-батысындағы Галисия провинциясында болған
темір жолдағы апат салдарынан
78 адам мерт болып, жүзден астамы жараланды. Мадридтен Феррольға қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқан жолаушылар ұшқыр пойызы қалаға 95 шақырым қалғанда - Сантьяго-де-Компостела станциясының маңында - темір жол бұрылысында рельстен шығып кеткен.
12
24 шілде күні Алматы облысы Іле аудандық сотында Ресей азаматы
Софроний әкейді "тіркеу ережесін бұзғаны үшін" Қазақстаннан депортациялауды
талап еткен Қазақстанның көші-қон полициясы қозғаған іс бойынша сот тыңдауы басталды.
13
24 шілде күні Астанада бір топ ата-ана «Ана мен бала» орталығында балаларына бір уақытта
С гепатиті вирусын жұқтыру
себептерін тексеруді талап етті. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин вирус жұқтыру оқиғасы тексерілетінін хабарлады.
14
2011 жылы мамырда Минскінің Фрунзе аудандық сотының үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылып, жаза өтеу уақыты екі жылға кейінге шегерілген Беларусь президенттігіне экс-кандидат ақын Владимир Некляевті Минскінің Ленин аудандық соты
жазадан босату туралы шешім шығарған
. Некляев бұл шешім 24 шілдеде өзінің қатысуынсыз сыртынан шығарылғанын айтты.
Суретте: Владимир Некляев Ленин аудандық сотына келді. Минск, 25 шілде 2013 жыл.
15
25 шілде күні қытай прокуратурасы Чунцин қаласының бұрынғы басшысы Бо Силайға «жемқорлық» және «қызмет бабын асыра пайдалану» баптары бойынша айыптар тағылған іс материалдарды Цзинань қалалық сотына тапсырғаны хабарланды. Коррупцияға қарсы қызметімен танымал болған
Бо Силай қытай компартиясының
тұрақты саяси кеңесіне мүшелікке басты үміткер болатын.
17
АҚШ-тың
діни бостандық жөніндегі халықаралық комиссиясы (USCIRF)
Қазақстан билігін қамауда отырған 63 жастағы
атеист блогер Александр Харламов
(суретте оң жақта) пен «Благодать» шіркеуінің пасторы 66 жастағы
Бақытжан Қашқымбаевты
дереу босатуға шақырды. Осы аптада Қазақстандық құқық қорғаушылар Харламовқа тағылған
айыптарды сынап, «саяси астары бар іс»
деп атаған еді.
18
25 шілде күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сириядағы азаматтық соғыс барысында
қаза тапқандар саны 100 мың адамнан асқаны
туралы мәлімдеді. Ол Сириядағы қарулы жанжалды реттеу бойынша шұғыл халықаралық конференция өткізу қажеттігін айтты.
Суретте: Хомс қаласының көрінісі. Сирия, 25 шілде 2013 жыл.
19
26 шілде күні
Қазақстандық «Гелиос» компаниясы
Алматыда
27 маусымда болған өрттен
зардап шеккен көпқабатты үйдегі пәтерлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру шараларына осы кезге дейін 100 миллион теңге (666 мың доллар) жұмсалғаны туралы хабарлады.
20
Шілденің 22-26 аралығында Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет комиссиялары
жабық есік жағдайында кездесіп
, екі елдің шекарасындағы жер дауына қатысты мәселені талқылады. Сенбі күні Алматы облысының Райымбек аудандық соты «Қазақстан шекарасын заңсыз кескен» бес қырғыз малшысын
екі ай қамауда ұстау туралы шешім
шығарды.
Апта бейнелері
XS
SM
MD
LG