Пәкістан парламентінің мүшелері Мамнун Хусейнді елдің келесі президенті етіп сайлағаны туралы хабарлана бастады.
Хусейн - премьер-министр Наваз Шариф басқаратын Мұсылман лигасының ұсынған кандидаты. Бұл партия парламентте көпшілік орынға ие.
Пәкістан президентін конституция бойынша ұлттық және аймақтық заң шығарушы органдар сайлайды.
73 жастағы Мамнун Хусейн қыркүйек айында қазіргі президент Асиф Әли Зардаридің орнын баспақшы.
Бейресми қорытындыға сәйкес Хусейн Ұлттық парламентте - 277, Синдх ассамблеясында - 64, Хайбер-Пахтунхвада - 41, Белуджистанда - 55 дауыс алды.
Оның жалғыз бәсекелесі Имран Хан басқаратын Әділет партиясының кандидаты Ваджихуддин Ахмед барлығын қосқанда 73 дауыс жинады.
Зардаридің Пәкістан халық партиясы Жоғарғы соттың сайлауды бір апта ерте өткізуі туралы шешіміне наразы болып, бойкот жариялаған еді.