Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4 тамызда Тегеранда Иранның жаңадан сайланған президенті Хассан Роуханиді ұлықтау салтанатына қатысты деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі. Назарбаев Иранға сапарында осы елдің жаңадан сайланған президенті Хассан Роуханимен кездескен.
"Президенттер екі елдің транзиттік көлік мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану қажетін айтты. Жаңаөзен - Қызылқия - Берекет - Этрек - Горган бағытындағы темір жол желісінің аймақтық сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда мүмкіндіктері зор екені де айтылды" делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Екі ел басшылары бұған қоса Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді тезірек шешуді де талқылаған.
Назарбаев Тегеранда Роуханидан өзге Иранның вице-президенті міндетін атқарушы Эсхак Джахангиримен де кездескен. Кездесуде Иран мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстар саласындағы басты мәселелер талқыланған.