Accessibility links

Кабул: 2 аптада 200 терроршы қолға түсті


Үкімет әскерлері қауіпсіздікті бақылап тұр. Ауғанстан, 19 маусым 2013 жыл.
Үкімет әскерлері қауіпсіздікті бақылап тұр. Ауғанстан, 19 маусым 2013 жыл.
Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, елдің шығыс аймағында жүргізілген екі апталық шараның нәтижесінде 200-дан астам қарулы содыр тұтқындалып, кейбірі өлтірілген.

Министрліктің баспасөз хатшысы, генерал Захир Азими "25 шілде басталған ірі әскери операция барысында 11 үкімет әскері қаза тапқанын" да хабарлады.

Содырлар мен үкімет әскері арасындағы қақтығыстардың ең ірісі Логар уәлаятында Азра ауданында болған.

Азимидің мәліметіне қарағанда, қаза тапқан және тұтқындалған содырлар арасында "Талибан" жағында соғысып жүрген шешендер, пәкістандықтар, арабтар болған.

2014 жылы НАТО бастаған халықаралық әскер Ауғанстан аумағынан шығады. Осы шараның қарсаңында үкімет елдегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында содырларға қарсы шаралар өткізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG