12 тамызда Қытайдағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының соты "2013 жылдың сәуірінде болған қақтығыстарға қатысы бар" деген екі айыптыны өлім жазасына кесті. Олар - Шыңжаң тұрғындары Мұса Хесен мен Рахман Хупур.
Сот тағы үш адамға тоғыз жылдан бастап өмір бойы түрмеде отыруға дейінгі үкім шығарды.
Сотталғандардың барлығы терроризмге қатысы бар деп айыпталған.
Қытай үкіметінің хабарлауынша, сәуірде Шыңжаңның этникалық шиеленіс күшейген Бачу аймағында қақтығыстар болып, 21 адам қаза тапқан.
Жанжал "заңсыз қару сақтауы мүмкін" деп күдіктенген полицияның жергілікті ұйғырлардың үйлерін тінтуінен шыққан.
Билік қаза тапқандардың арасында 15 полицей барын айтады.