Египет әскері мен биліктен шеттетілген президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары қақтығысып, 235 адам қаза тапты. 2 мыңнан аса азаматтың жараланғаны хабарланды. Әскер Мурси жақтастарының лагерлерін қиратып, оларды күшпен таратты. Елде бір айға төтенше жағдай жарияланды.