"Орал қаласындағы жалпы режимдегі ЗК-170/2 колониясында 25 тұтқын денелерін жарақаттады" деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
Комитет таратқан ақпаратта 25 тұтқынның "жоспарлы тексеру, тінту жұмыстарына кедергі келтіру мақсатында денелерін жарақаттағаны" айтылады. Тұтқындарға медициналық көмек көрсетілген.
"Қазір тұтқындарды арандатушылар анықталып, тәртіптік жауапқа тартылып жатыр" дейді комитет өкілдері.
Қазақстанда тұтқындардың түрмедегі қысымға наразылық танытып, өз-өздерін жарақаттау, аштық жариялау оқиғалары бұдан бұрын да болған.