Accessibility links

Қарағандыда еңбек мүгедектері өтемақы талап етті


"Арселормиттал Теміртау" компаниясы алдында жүрген жұмысшылар. Көрнекі сурет
"Арселормиттал Теміртау" компаниясы алдында жүрген жұмысшылар. Көрнекі сурет
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясында жұмыс істеп, мүгедек болған ондаған адам бүгін Қарағандыда компанияның көмір департаментінің алдына жиналды. Жұмыс істеп жүріп мүгедек болған бұрынғы шахтерлер компания басшылығынан өтемақы төлеуді талап етті.

Жүздеген еңбек мүгедектері өткен жылдың тамызынан бері денсаулықтарынан айырылғаны үшін төленетін өтемақыны ала алмай жүр. Оған "Альянс-Полис" сақтандыру компаниясы мен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы арасындағы дау себеп болып отыр. Екі тарап жұмысшыларға өтемақы төлеуді бір-біріне сілтеп келеді.

Еңбек мүгедектерінің бірі Евгений Архиповтың айтуынша, жиналғандарды көмір департаментінің директор орынбасары қабылдаған. "АрселорМиттал Теміртау" өкілі өтемақыны сақтандыру компаниясы төлеуі тиіс екенін айтқан. Ал сақтандыру компаниясы бұдан бұрын "АрселорМиттал Теміртау" өздеріне өндіріс жарақатын алғандардың саны туралы жалған ақпарат бергенін айтып, өтемақы төлеуден бас тартқан.

Бүгін мүгедек болып қалған шахтерлер Қазақстан президенті әкімшілігінің атына мәселені шешуге араласып, тараптарды өтемақы төлеуге міндеттеуді сұрап хат тапсырмақ.

Хатқа ондаған еңбек мүгедектері қол қойған.
XS
SM
MD
LG