Accessibility links

Путин: Украина ЕО-мен келіссе, КО шара қолдануы мүмкін


Украина президенті Виктор Янукович (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Киев, 23 шілде 2013 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Киев, 23 шілде 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин бейсенбіде "Украина Еуропа Одағымен (ЕО) еркін сауда жасау келісіміне қол қоятын болса, онда Кеден Одағы (КО) "қорғаныс шараларын" қабылдауы мүмкін" деп ескертті. Ол бұған қоса келесі аптада Мәскеуге Украина делегациясы келетінін де айтты. Екі жақ Украинаның ЕО-мен еркін сауда жасау келісімінің салдарын талқыламақ.

"Украина премьер-министрі Николай Азаров келіссөздер жүргізу үшін алдағы дүйсенбіде Мәскеуге келетінін" Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің баспасөз хатшысы да растады.

Украина қарашада Вильнюсте өтетін саммитте бірнеше рет кейінге қалдырылып келген құжатқа - ЕО-мен еркін сауда жасасу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Келісімге қол қойылған жағдайда ЕО тауарларына Украина нарығына жол ашылады.

Ресей Украинаның Еуропа Одағымен тығыз байланыс орнатқанынан гөрі Кеден Одағына кіргенін қалайды. Кеден Одағына Ресей, Беларусь және Қазақстан мүше.
XS
SM
MD
LG